Футбол командаларының жастар құрамының кездесуі үлкен төбелеспен аяқталды

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кезекті футбол матчы тек қана екі команда ойыншылары ғана емес, сонымен қатар, жаттықтырушылар штабы қатысқан ауқымды төбелеспен аяқталды.

"Казма" және "Альараби" Кувейт командаларының жастар құрамының кездесуі үлкен «шайқасқа» ұласты. Жарыстың алғашқы сәтінен бастап-ақ, қарсыластар бір-біріне жол бермей, аяусыз қақтығысқан. Төреші өте белсенді футболшыларды тәртіпке шақырып басуға тырысты, бірақ нәтиже бермеді.

Командалар толық құрамда эмоцияға жол беріп, көп ұзамай жас футболшыларға командалардың жаттықтырушылары және басқа қосалқы қызметкерлер қосылған. Бастапқыда бас төреші ашулы футболшыларды ажыратпақ болған, бірақ өзі де зардап шегіп қалуы мүмкін екенін түсініп, оқиғаны алыстан бақылауды жөн санаған, деп хабарлайды piter.tv.