Команданы енді «Локомотив», «Анжи» және «Теректің» бұрынғы жетекшісі Юрий Красножан басқаруы әбден мүмкін.
52 жастағы маман 2012 жылдың екінші жартысында «Кубаньмен» жұмыс істеп, оның еурокубокқа өтуіне көмектескен. Сол кезде краснодарлықтар Ресейдің 2012-2013 жылғы чемпионатында төртінші орын иеленген еді. Ал қаңтарда Красножан кенеттен клубтың спорттық директоры Сергей Доронченкомен келіспеушілігінен кейін қызметтен босатылды. Оның орнына Леонид Кучук келген соң маусым қорытындысы бойынша команда бесінші орын алып, Еуропа Лигасына шыққан болатын, деп жазады «Известияға» сілтемемен sports.kz.
Красножан өзі туған Нальчикте жұмыс істеп тұрған кезінде танымал болды. 2005 жылы ол жергілікті «Спартакты» премьер-лигаға өткізіп, одан кейін РФПЛ-да ең аз бюджетіне қарамастан, бес маусым бойы оны жоғарғы дивизионда ұстап тұрған.
2010 жылғы чемпионатта спартакшылар алтыншы орында болған, бұдан кейін ол мәскеулік «Локомотивті» басқарды. Красножан бұл клубта қол жеткізген жақсы көрсеткіштеріне қарамастан, жарты жылдан кейін жұмыстан шығарылды. Кейін ол қысқа уақыт махачкалалық «Анжи» мен Грозныйдың «Терегінде» қызмет етіп, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасын басқарып, одан 2015 жылдың желтоқсанында кетті.