Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда қатысады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Командалар топқа бөлініп, жарыс айналмалы жүйемен өтеді. Бәсекеде жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлері кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Биыл төртінші мәрте өткізілетін турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қаржы басқармасы ұйымдастырады.