Футбол: Локомотив 2011 жылғы Қазақстанның суперкубогын жеңіп алды.

АНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астананың "Локомотив" клубы футболдан 2011 жылғы Қазақстанның суперкубогын жеңіп алды.

Кеше елордадағы «Астана - Арена» стадионында өткен ойында "Локомотив" Қостанайдың «Тобыл» командасын 2:1 есебімен жеңді. Елордалықтарға жеңіс сыйлаған екі голдың да авторы - №10 футбошы Игорь Бугаев.