Футбол: «Локомотив» Премьер-лигадағы қалған матчтарын «Астана-Арена» стадионында өткізеді

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Астананың «Локомотив» командасы Премьер-лигадағы қалған матчтарын «Астана-Арена» стадионында өткізетін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Локомотив» қазанның 25-інде Қызылорданың «Қайсар», ал қарашаның 2-сінде Сәтбаевтың «Қазақмыс»  командаларын қабылдайды. Қос матч та елорда уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Атап өтерлігі, футбол жанкүйерлері бұл ойындарға тегін кіре алады.

Премьер-лиганың күнтізбесіне сәйкес, «Локомотив» 24 ойыннан кейін 54 ұпай жинап, әзірге бірінші орында келеді. Екінші орында 22 ойыннан соң 53 ұпай еншілеген өткен маусымдағы ел чемпионы - «Ақтөбе» тұр. Қарағандының «Шахтер» командасы 23 кездесуден кейін 51 ұпаймен үшінші орында тұр.