ФУТБОЛ: Мадридтің «Реалы» УЕФА-ның суперкубогын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уэльсте өткен тартысты матчта Мадридтің «Реалы» испандық «Севильяны» тізе бүктіріп, УЕФА-ның суперкубогын жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz.

«Ойынның 30 минутында қапталдан берген Гарет Бэйлдің добын қақпаға тоғытып, Криштиану Роналду есеп ашты. Екінші таймның басында тағы да сол Роналду қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті еселеді. Бұл дубль оларға суперкубокты алып берді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Реал» бұл кубокты осымен екінші рет еншілеп отыр. Мадридтіктер УЕФА-ның суперкубогына алғаш рет 2002 жылы қол жеткізген.