Футбол: «Мақтарал» оныншы орынға көтерілді

Фото: Фото: ҚазАқпарат

Бүгін, 23 қыркүйекте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде 22-турдың алғашқы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы алғашқы кездесу «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақтөбе» командалары арасында өтті. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Тағы бір кездесуде Түркістан облысының «Мақтаралы» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» клубын қабылдады.

Кездесу барысында алаң иелерінен Сағадат Тұрсынбай 13, Серж Ньюадзи 95-минутта гол соқты.

Осылайша «Мақтарал» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде оныншы орынға көтерілді.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 19.00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Шахтер», 20.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасады.

Ал 24 қыркүйекте елорда уақытымен 15.00 «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Атырау», 18.00 «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған), 19.00-де Ордабасы» (Шымкент) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.