Футбол матчына байланысты ертең Өзбекстанда мемлекеттік мекемелердің жұмысы кешірек басталады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 18 маусымда Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізеді, тиісінше бұл күні барлық мемлекеттік органдардың жұмысы сағат 10:00-де басталады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Фото: Gov.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың мәліметінше, жұмыстың басталу уақытын бір сағатқа кейінге шегеру тапсырмасын Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев қабылдаған. Яғни, ертең сағат 7:00-де Өзбекстан мен Колумбия құрамалары арасында футбол матчы басталады.

Ш.Асадов атап өткендей, жекеменшік кәсіпорындар жұмыс уақытын өз мүмкіндігіне қарай белгілейді.

Бұған дейін футболдан Өзбекстан құрамасы Нидерландыға қарсы жолдастық матч өткізгенін жазып едік.

Сондай-ақ, Өзбекстан футболдан әлем чемпионатының коллекциялық монетасын шығарады.