Әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлер әлеуметтік желілерге матчтардан түсірген мыңдаған бейнероликтер салған. Сенбіде футболдан жаңа маусым басталады, сондықтан осындай видеолар желілерде қаптап кетері сөзсіз. Алайда футбол шенеуніктері авторлық құқықпен қорғалатын материалдарды тарату заңға қайшы келетінін айтып, жанкүйерлерді мұндай қадамға бармауға шақыруда. «Түсінемін, бұл олардың көңіл-күйлеріне кері әсер етуі мүмкін, алайда біз авторлық құқықты қорғауға мәжбүрміз», - дейді премьер-лиганың жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Дэн Джонсон.
15:58, 15 Тамыз 2014
Футбол матчтарынан бейнежазбаларды әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшындық футбол премьер-лигасы ойын жанкүйерлеріне соғылған гол жайлы ресми емес бейнежазбаларды ғаламторға орналастыруға тыйым салуға ниетті, деп хабарлайды Би-би-си.