Бұл туралы ТАСС РФ Алтай өлкесі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Найзағай металл қақпаға түскен. Сол сәтте бұл жерде төрт ойыншы болған. 18 жастағы жігіттің оқиға орнында көз жұмғаны және тағы үш баланың ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Олардың ішінде кәмелетке толмаған жасөспірім де бар.
Тергеу комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.