ФУТБОЛ: Месси «Барселонамен» келісімшартты ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» клубының басшылығына шабуылшы Лионел Мессимен арада жаңа келісімшарт жасаудың сәті түсті.

Бұл құжатқа осы аптада қол қойылуы тиіс, деп хабарлайды Утро. ру.

Жаңа келісімшарт мерзімі 2019 жылға дейін ұзартылмақ, бұл алдыңғысынан бір жылға көп. Әзірге қаржылық өзгерістер жайлы хабарланбай отыр. Айта кетер болсақ, бұдан бұрын Месси жалақысының көбейтілуін талап етті деген ақпарат тараған еді. Аргентиналық ойыншының қазіргі уақытта маусымдағы жалақысы 16 миллон еуроны құрайды.