Футбол: «Оқжетпес» екі ойын қатарынан қарсыластарын ірі есеппен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турындағы алғашқы ойын нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы алғашқы кездесуде «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) шеберлік байқасты.

Кездесу барысында көкшетаулық клубтан Срджан Димитров 20, 60-минуттарда екі голдың авторы атанса, Максим Драченко 77-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша көкшетаулық команда қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

«Оқжетпес» екі тур қатарынан қарсыластарынан ірі есеппен жеңіп келеді. Өткен турда олар сырт алаңда «Атырауды» 4:0 есебімен сүріндірді.

https://kaz.inform.kz/news/kyzylzhar-futbol-komandasy-kosh-basyna-shykty_a4052290

Енді 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Каспий» клубтары жасыл алаңға шығады.

Ал 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтёр» (Қарағанды) ойнайды.

Ал 9 сәуірде «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.