КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Данило Алмейда Алвеспен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі команданың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Албанияның «Фламутари» командасынан келген 27-і жастағы шабуылшы қазақстанның премьер лигасына қайтып оралған «Оқжетпес» командасымен келісімшарт жасады.
Бұдан бөлек, бразилиялық шабуылшы Түркияның «Афьет Афьонспора» командасында, сондай-ақ, Бразилияның «Крисиуму», «Брагантино» және «Луверденсе» клубтарында ойнаған.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.