Футбол: Оралдың «Ақжайығы» оқу-жаттығу жиынын Антальяда өткізбек

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» шетелдегі алғашқы оқу-жаттығу жиынын 8 қаңтардан бастап Анталья қаласында өткізбек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің айтуынша, бас бапкер Вахид Масудов бастап баратын командада әзірге ешкіммен келісімшартқа қол қойылған жоқ.

«Ақжайықтан» ресми түрде қорғаушы Рақымжан Розыбақиев қана кетті, ол «Ақтөбе» клубына ауысты. Негізінен былтырғы құрам және жаңадан шақырылған ойыншылар Антальяда бас қосады. Жиырма күнге созылып, 28 қаңтар күні аяқталатын жиын барысында команда құрамы анықталады.  Бас бапкер мәселесі де сонда шешіледі. Бәрі, әрине, қаржыға байланысты», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Арсен Ғұбашев.