ОРАЛ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Анталияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайығы» тағы үш спарринг-кездесу өткізбек.
«Ақжайық» футбол клубынан хабарлағанындай, 19 ақпан күні оралдықтар Косово чемпионатында ойнайтын Приштина қаласының «Косово» командасымен күш сынасады. 24 ақпан күні Брест қаласының «Динамо» командасымен, соңғы бақылау ойынында АҚШ клубымен жасыл алаңға шықпақ.
Бұған дейін «Ақжайық» грузиялық Батуми қаласының «Динамосына» 1:4, румыниялық «Отепени» клубына 0:1 есебімен жол берсе, белоруссиялық «Белшинамен» (Бобруйск) 0:0 есебімен тең ойнаған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).