АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 3-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14 наурызда Шымкенттің «Ордабасы» командасы Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады. Кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Бұған дейін «Қайрат» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау) кездесуінде алматылықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Енді «Қайсар» мен «Ақсу», «Астана» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.
Ертең, 15 наурызда «Мақтарал» мен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Қызылжар» ойнайды.
Еске салсақ, алғашқы екі турдан кейін «Ордабасы» командасы көш бастап тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.