НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Португалия құрамасы Ұлттық лига финалында Голландияны жеңіп, жаңа турнир тарихында алғашқы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Eurosport.
Драгау стадионындағы ойын 1:0 есебімен аяқталды. Матчтың 6-минутындағы шешуші голдың авторы Гонсалу Гедеш болды.
Ұлттық лига - УЕФА-ның 2017 жылы бекіткен турнирі. Оның көмегімен құрама командалардың Еуропа чемпионатына қатысуына қосымша мүмкіндік (классикалық іріктеуден бөлек) туындайды.
Бұл турнирдегі жеңіс Португалия құрамасына Еуро-2020-ға қатысу мүмкіндігін берді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.