Футбол: Португалияның Брага кубогына жалғыз «Арландар» шақырту алды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Португалияның Брага кубогына жалғыз «Арландар» шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған халықаралық турнир үстіміздегі жылдың 2-8 шілде аралығында өтеді. Оған U8, U9, U10, U11, U12, U13, U15 жас аралығындағы 96 команда, 1 750 футболшы қатысады.

Осы аталған турнирге қатысу үшін Қазақстан бойынша жалғыз- «Арландар» футбол клубы шақыру алды. «Арландар» ФК U13 жас ерекшелігі бойынша қатысады.

Айта кетейік, «Арландар» ФК 2016 жылы Астана қаласында құрылған. Астана қалалық футбол федерациясының біріншіліктерінде ойнап, жақсы көрсеткіш көрсетіп жүр.