ФУТБОЛ: «Реал» мен «Вольфсбург» алғашқы болып Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық 'Реал' мен немістің 'Вольфсбургі' алғашқы болып Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты, деп мәлімдеді Vesti.kz.

Мадридтік "Реал" "Сантьяго Бернабеу" стадионында өз алаңында "Романы" жеңді. Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

"Вольфсбург" болса өз алаңында бельгиялық "Гентті" ұтты.

Осылайша, "Реал" мен "Вольфсбург" Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалшылары атанды.

Бүгін, 9 наурызда, тағы екі ойын өтеді. Астана уақыты бойынша 23:00-де "Зенит" өз алаңында "Бенфиканы" (бірінші матч - 0:1) қабылдайды. Осы ойыннан кейін бірден 01:45-те "Челси" - ПСЖ (1:2) матчы басталады. Екі кездесуді де тікелей эфирде "ОН-ТВ" арнасы көрсетеді.