АСТАНА. ҚазАқпарат - «СКА-Хабаровск» пен мәскеулік ЦСКА арасындағы Ресей футбол премьер-лигасының 17-інші турының матчы 20 градус аязда өтеді.
Бұған Gismeteo сайтындағы синоптиктердің ауа райы болжамы дәлел.
Дерек көздеріне сүйенсек, кездесу басталар алдында Хабаровскіде минус 20 градус болады деп күтілуде, сезілетін ауа температурасы минус 24 градусқа дейін жетпек. Дегенмен екі команда да алаңға шығуға дайын.
Хабаровск клубының баспасөз қызметі Ленин атындағы алаңның матчқа әзір екенін мәлім етті.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.