ФУТБОЛ: Ригада чехтар Латвияны 2:1 есебімен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының 2016 жылғы іріктеу турнирінің «А» тобындағы Чехия құрама командасы мен Латвия футболшылары арасындағы матч 2:1 есебімен чехтардың пайдасына шешілді, деп хабарлады Sports.kz.

Чехтардың екі голы да бірінші таймда соғылды. Гол авторлары Давид Лимберски мен Владимир Дарида ойын-өрнегімен көзге түсті.

Үзілістен кейін ғана латыштар бір гол салды. Ойынның 73-ші минутында Артур Зюзин қарсыластың қақпасына дәл соққы жасай алды.