ФУТБОЛ: Самат Смақов пен Александр Кислицын «Ертіс» командасының сапында ойнайтын болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қайрат» командасының белді қорғаушылары 37 жастағы Самат Смақов пен 29 жастағы Александр Кислицын жаңа маусымда «Ертіс» футбол клубының сапында өнер көрсететін болады. Бұл туралы бүгін «Қайрат» командасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қайрат» футбол клубының басшылығы тиісті трансферлік келісімге қол қойып, ойыншыларға табыс тіледі» - делінген хабарламада.

Айта кетелік, жоғарыдағы ойыншылар «Қайрат» командасының сапында Премьер-Лиганың өткен жылғы маусымында қола жүлде мен Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.