Ойынның бірінші таймында қарағандылықтар толық үстемдік құрды. Жетінші минутта Александр Симчевичтің бұрыштан әуелеткен добын Алдин Джидич мүлт жібермей, баспен гол салды. Бұдан кейін біздің футболшылар Оргес Шехи қорғаған қақпаға бес алты рет қауіпті соққы бағыттап үлгерді. Дегенмен алғашқы таймда таблодағы есеп сақталды.
Екінші таймды албаниялықтар қарқынды бастаған. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен қорғанысымыз сыр бермеді. Кейін бас бапкер Кумыков Зеньковичтің орнына Роман Муртазаевты шығарған. Ол 74 минутта гол салғанымен, төреші офсайд деп есептемеді. Араға төрт минут салып, Роман Вичюстің пасын әдемі пайдаланып, теңбіл допты торда тулатты. Ал 90 минутта Хижниченко таблодағы есепті 3:0-ге жеткізді.
Осылайша біздің клуб өз алаңында аса қажетті жеңіске қол жеткізді. Енді қарымта кездесуде тең ойынның өзі де жеткілікті, деп жазады «Аламан».