НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық футбол маманы Әли Әлиев Қарағандының «Шахтер» командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, ол жаңа қызметінде клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген.
Әли Әлиев 1980 жылдың 27 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген.
Футболдағы алғашқы қадамын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасында бастап, одан кейін «Қайрат», Павлодардың «Ертіс», Қостанайдың «Тобыл», Өскеменнің «Восток», Шымкенттің «Ордабасы», Петропавлдың «Қызылжар» клубтарында доп тепкен.
2014 жылы «Ордабасыда» ойнай жүріп бапкерлік қызметін бастады.
2018 жылы «Қызылжарда» да дәл осылай қызмет атқарып, арада бір жыл өткенде мансабын аяқтағаннан кейін бас бапкер қызметін қолға алды.
Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шықты.
Естеріңізге сала кетелік, «Шахтер» командасын бұған дейін Константин Горовенко жаттықтырған болатын.
Сондай-ақ, жуырда «Жетісу» клубының бас бапкері тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.