«Шахтердің» бұл ойыны бұған дейін Ресейдің «Салют» командасымен өтеді деп жоспарланған болатын. Өскемендіктермен болған кездесуде есеп ойынның 24-ші минутында ашылды. Алайда қарағандылық щабуылшы Сергей Хижниченконың ашқан есебі одан кейін өзгеріссіз қалды. Бұған дейін олар Германияның «Сандхаузен» командасына 2:4 боп ұтылып, Түркияның Сивс қаласының «Силивриаспор» командасын - 5:0, ал Болгарияның Гоце-Делчев қаласының «Пиран» командасын 1:0 есебімен ұтқан еді.
Енді олар 22 қаңтарда Украинаның «Говерла», ал 24-күні «Заря» командаларымен күш сынаспақ.
10:13, 17 Қаңтар 2013
Футбол: «Шахтер» мен «Восток» Түркияда спаррингтік кездесу өткізді
АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қарағандының «Шахтер» және Өскеменнің «Восток» футбол командалары спаррингтік кездесу өткізді.