Аталған ереуіл чемпионаттың басталуына бірнеше ай қалғанда, онсыз да үлгермей жатқан құрылыстың қарқынын тежеуі мүмкін. Кәсіподақ ереуілді бастау күнін 10 ақпанға белгіледі. Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда «Арена Амазония» құрылыс алаңында кранды бұзу кезінде 55 жасар жұмысшы мерт болды. Соңғы бірнеше айдан бері осы құрылыс нысанында бұл үшінші қайғылы оқиға. Стадион маусым айында Бразилияда өтетін футбодан әлем чемпионатына дейін тапсырылуы тиіс. Жақында ФИФА президенті Йозеф Блаттер биылғы чемпионатқа арналған нысандардың құрылыс қарқынын сынға алған болатын.
20:16, 09 Ақпан 2014
Футбол стадионын салып жатқан құрылысшылар ереуілге шықпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы футболдан әлем чемпионаты үшін Манаус қаласында «Арена Амазония» стадионының құрылысымен айналысып жатқан бразилиялық жұмысшылар ереуілге шығуға бел буып отыр. Олар еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде.