«Бұл менің өмірімдегі ең ауыр шешім болды, - деді Джеррард. - Бапкер мен командам менің кетуімнің себебіне бас қатырмас үшін ертерек айттым.
«Бұл жаңалық клубпен байланысы бар адамдарды қатты әбігерге салды», - деді «Ливерпуль» иелері Джон Генри мен Том Вернер. - Джеррар клубқа орасан зор үлес қосты, оның есімі аты аңызға айналған ойыншылардың тізімінде қалады».
Джеррард "Ливерпульдің" тәрбиеленушісі және клубта 1987 жылдан бері ойнап келеді. "Ливерпуль" құрамында жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасы (2005), УЕФА кубогы (2001), УЕФА суперкубогын (2001, 2005) жеңіп алған.