Көкшетауда жергілікті «Оқжетпес» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Алаң иелері бұдан бұрынғы екі турда жеңілсе, қызылордалық футболшылар бірінші турда үш ұпай олжалаған еді. Бүгінгі кездесудің тағдырын жалғыз гол шешті. Оны 10-минутта «Қайсардың» шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе өзінің еншісіне жазды. Айта кетерлігі, ол бірінші турда да мергендік танытқан болатын. Кездесуде «Қайсар» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы турда жеңілістің ащы дәмін татқан «Тараз» өз алаңындағы Шымкенттің «Ордабасы» клубымен кездесуде тәп-тәуір ойын көрсетті. Бірінші кезеңде шымкенттік футболшылар өз қақпасына екі гол соғып алды. Александр Симчевич 4-минутта автогол иесі атанса, Александр Клещенко 33-минутта дәл солай мүлт кетті. Үшінші кезең басталғаннан кейін 47-минутта тараздық Абзал Таубай есепті үстемелей түсті. Ал 58 және 69-минуттарда алаң иелері қақпасына пенальти белгіленді. Оны «Ордабасы» ойыншысы Абдуллай Диакате мүлт жіберген жоқ. Ойында «Тараз» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін Ақтауда «Каспий» елордалық «Астанадан» 0:3 есебімен жеңіліп жатса, Қарағандының «Шахтері» Алматының «Қайратынан» 1:0 есебімен басым түсуде.
Кеше «Жетісу» - «Тобыл» командалары 0:0, «Ертіс» - «Қызылжар» командалары 1:1 есебімен тең түсті.