Оқу-жаттығу жиыны 19 желтоқсанда басталған еді. Равиль Сабитов жаттықтыратын қостанайлықтар 21 желтоқсанда алғашқы жолдастық кездесуін Подольсканың "Витязь" клубымен өткізіп, 0:2 есебімен ұтылды. Келесі күні Набережный Челновтың "КАМАЗ" (Ресей) клубын 2:1, 24-інде Түркияның "Тепотспор" командасын 12:2 есебімен ұтып, 25-інде тағы бір ресейлік клуб "Факелмен" (Воронеж) 1:1 есебімен тең түсті.
Қазақстан чемпионы Түркиядағы екінші жиынын енді 5 қаңтарда бастайды. Футболшылар онда өз әзірлігін жасанды алаңда пысықтамақ. Олар жаңа маусымға дайындықты алғашқы жиында табиғи алаңда өткізген болатын. Онда клуб басшылығымен байқауға шақырылған 20 футболшының арасынан алғашқы боп "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Александр Петухов пен Астананың "Локомотив" футбол клубының легионері Владе Лазаревскимен келісімшарт жасасты. Алдағы уақытта олардың саны тағы толыға түседі деп жоспарланып отыр.