1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тобыл» тарапынан ойынның 2-інші минөтінде Нұрбол Жұмасқалиев мергендігімен көзге түсті. Кездесудің 58-інші минөтінде қонақтардың шабуылшысы Милан Барош есепті теңестірді. Сөйтіп ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Қарымта кездесу енді бір аптадан кейін Түркияда болады. Қос кездесудің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған команда келесі айналымға жолдама алады.
Айта кетейік, аталмыш турнирдің іріктеу кезеңінде «Тобылдан» бөлек Көкшетаудың «Оқжетпес» және Павлодардың «Ертіс» командалары сынға түскен болатын. Алайда олар алғашқы айналымда-ақ жарыстан шығып қалды. «Оқжетпес» қос ойынның нәтижесі бойынша Молдованың «Зимбру», ал «Ертіс» Венгрияның «Халадагш» клубына жол берді.