«Тобыл» жаттығу жиындары барысында Беларусь елінің «Динамо» командасымен кездесті. Бірінші тайм аяқталар сәтте «Динамо» футболшысы есеп ашты. Екінші таймда қостанайлық Роман Мұртазаевтың бағыттаған екі соққысы қақпа бағанасынан кері қайтты. 0:1 есебі матч аяғына дейін сақталды.
Осылайша, «Тобыл» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Бұған дейін «Сараево», «Ислочь», «Младост» сынды командалармен кездескен Григорий Бабаян шәкірттері енді елге оралады.