ФУТБОЛ:Түркия құрамасы 10 маусымда Алматыға келеді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 маусымда Алматыдағы матчқа қатысатын Түркия құрамасының ойын кестесі белгілі болды, деп жазады Sports.kz.

Түркияның ұлтық құрамасы 4 маусымда Ыстамбұлға жиналады, араға төрт күн салып Болгария құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ал 10 маусымда Түркия құрамасы шамамен сағат 17:35-те Алматыға келеді. Келесі күні сағат 19:00-де «Орталық» стадионда матч алдындағы жаттығуларын өткізеді. Ойын аяқталған соң Түркия құрамасы Ыстамбұлға оралады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан және Түркия құрамаларының арасындағы Еуропа чемпионатының матчы 12 маусым күні Алматы қаласында өтеді.