Әзербайжан футболшылары қақтығыс аймағында қаза тапқан сарбаздарға құрмет көрсету үшін ойын алаңына қара жолақты қазанама белгісін тағып шыққысы келген. Алайда, УЕФА оған рұқсат еткен жоқ. УЕФА басшылығы оның себебін футболды саясатпен шатастыруға болмайтындықпен түсіндірген.
Айта кетейік, соңғы уақытта Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабах мәселесі қайта ушығып, қарулы қақтығыс кесірінен 25 адам қаза тапты.