Ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады. Украина құрамасының бұрынғы ойыншысы, 32 жастағы қорғаушы Василий Кобин қостанайлық клубпен 1 жылға келісім-шартқа отырған-ды.
Айта кетейік, Кобин Украина Премьер-лигасында 200-ден астам матчқа қатысқан.
Ол 2001 жылы «Закарпатье» клубымен келісімшарт жасасты. Кейін Украинаның «Карпаты» және атақты «Шахтер» командаларында ойнаған. Мұнан соң Харьковтің «Металлист» клубына ауысты.
Кобин 2015 Чемпиондар лигасына қатысып, Мадридтің «Реалына» қарсы доп тепкен. Оның қанжығасында Украинаның 6 дүркін чемпионы, 5 мәрте Кубок иегері, Суперкубок ойындарының жеңімпазы сынды атақтары бар. Ол клубтық жетістіктері жөнінен Украинаның атақты футболшылары қатарына енеді.