Футбол: Ван Дейк Англияда жылдың үздік ойыншысы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ливерпульдің» голландиялық қорғаушысы Вирджил Ван Дейкті Англия кәсіби футболшылар қауымдастығы (PFA) жылдың үздік ойыншысы деп таныды. Бұл туралы ұйымның Туиттердегі парақшасында жарияланды.

Сауалнамада голландиялық ойыншысы командаласы Садио Мане, «Манчестер Сити» ойыншылары Серхио Агуэро, Рахим Стерлинг және Бернарду Силва, сондай-ақ «Челсидің» жартылай қорғаушысы Эден Азарды басып озды.

Былтыр осы награданы «Ливерпульдің» басқа бір ойыншысы Мұхамед Салах алған еді.

Бұған дейін Ван Дейк PFA тұжырымы бойынша Ағылшын премьер-лигасының осы маусымдағы символдық құрамасына енгізіліп, ВВС тұжырымы бойынша АПЛ-дың жыл ойыншысы атанған.

«Ливерпуль» Ван Дейкті 2018 жылдың басында «Саутгемптоннан» 84,65 млн еуроға алған болатын.