деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға «Восток» клубының футболшылар алдындағы берешекті мерзімінде өтемегені себеп болған. Қарызды өтеуге берілген мерзім қаңтардың 10-да аяқталған. «Бақылау және тәртіп комитеті «Восток» футбол клубын ақпанның 15-не дейін барлық қарыздарды жабуға міндеттеді. «Восток» 10 күннің ішінде Қазақстан Футбол федерациясының Аппеляциялық комитетіне аталмыш шешімге байланысты шағымдана алады. Егер бұлай істемесе, немесе Аппелляциялық комитет Бақылау және тәртіп комитетінің шешімін күшінде қалдырса, онда 2010 жылғы Премьер-лигаға қатысушылардың құрамын қайта қарау туралы шешімді Атқарушы комитет қабылдайды», делінген ҚФФ-ның таратқан хабарламасында.