Футбол жанкүйерлері қақтығысып, 15 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының Киншасе қаласында екі футбол клубының жанкүйерлері қақтығысып, 15-тей адам қаза тапты, 20-дан астамы жараланды, деп жазады vesti.ru.

Тәртіпсіздік Лубумбаши қаласының "Мазембе" командасы мен "Вита клуб" командасының арасындағы ойын кезінде басталған. Қонақтар 1:0 есебімен басым түскеннен соң, ойын соңында жанкүйерлер алаңға тас лақтыра бастаған. Төреші олардың бұл қылығынан кейін бірнеше рет ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.

Жанкүйерлердің арасында болған қақтығыс салдарынан стадион қабырғаларының бірі құлап түскен. Қызбалыққа бой алдырған жанкүйерлерді тарату үшін полиция қызметкерлері көз жасаурататын газ қолданыпты.

"Мазембе" ФК Конгода ең танымал команда саналады. Ол Африка футбол конфедерациясы (КАФ) Чемпиондар лигасының 4 дүркін чемпионы атанған.