АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасына жаңа бапкер тағайындалды,-деп хабарлайды «Аламан» агенттігі. Құраманың тағдыры енді Белоруссия және Украина мамандарының қолына тапсырылды.
«Осыған дейін ұпай таратып, алаңнан бастары салбырап қайтып жүрген жастарымыздан жігер кетті деп налитын жанкүйер. Ол рас. Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі сәтсіздіктер Қазақстан футболының болашағын бұлыңғырлатып жіберген еді. Енді сол тұманды сейілту үшін жастарымызды (21 жас) Белоруссиядан келген маман Сергей Боровский баптайды»,-деп жазады агенттік.
Ал олардың ізбасарларын, яғни 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді Украинадан келген Константин Фролов жаттықтырады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.