Футбол жаттығуларын жасауға арналған тегін алаңдар пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада футбол жаттығуларын тегін жасауға болатын алаңқайлар ашылады, деп хабарлады www.24.kz.

Бүгінде жастар спорттың бұл түрімен 13 аулалық алаңда шұғылданып келеді. Жақында олардың саны 17-ге дейін артады. Астана әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, қазіргі таңда аула аймақтарын көріктендіру бойынша арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Онда балаларға арналған алаңқайлар мен жаттығу құрылғыларын құрастыру қарастырылған.

Айту керек, бас қалада кәсіби бапкерлер балалар үшін футболдан тегін сабақтар өткізеді. Қазақстан футбол федерациясы бұл жобаны еліміздің өзге де өңірлерінде жүзеге асыруды көздеп отыр.

«Бұл аулаларда бүгінгі таңда 300-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. Тәрбие беріп жатқандар -  біздің Ұлттық құрамамыздың бұрынғы кәсіби футбол лигасының ойыншылары. Қазіргі таңда олар - бапкерлер», - деді  Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.