НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық маман Ринат Алюетов талдықорғандық «Жетісу» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KazFootball.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 31 жастағы Р.Алюетовпен бір жыл мерзімге келісімшартқа бүгін қол қойылған.
Жаттықтырушылық құрамға Рустам Усманов пен Денис Мамонов кірді. Қақпашылар бапкерінің орны әзірге бос.
Шығыс Қазақстан облысының түлегі Р.Алюетов бұдан бұрын Өскеменде «Алтай» футбол орталығында, сосын РКС-ALASH-та жұмыс істеген.
2020 жылдың маусымында «Жетісу Б» командасының бас бапкері болып тағайындалды. Өткен жылы бірінші лигада
командасымен өз тобында екінші орынға ие болды.
Премьер-лигада өнер көрсететін «Жетісу» өткен жылы алтыншы орыннан көрінген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» командасына бас бапкер тағайындалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).