Футбол:«Жетісу» молдавиялық командадан ұтылды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше «Жетісу» командасы молдавияның Ұлттық Дивизиясындағы аутсайдерлердің бірі, Гидигич қаласының «ЦСКА-Рапид» командасымен жолдастық кездесу өткізіп,

нәтижесінде 2:3 есебімен молдавиялық команда жеңіске жетті.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, «ЦСКА-Рапид» осының алдында Қарағандылық «Шахтерден» 1:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын.  Алдағы уақытта аталған команда «Таразбен» (18-ші қаңтарда) және «Астанамен» (20-шы қаңтарда) кездесу өткізбек.