ФУТБОЛ: Жозе Моуринью «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері болып тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалиялық маман Жозе Моуринью «Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарланды клуб сайтында 27 мамырда.

Келісімшарт үш жылға жасалды, ол 2020 жылға дейін тәлімгер болуы мүмкін.

Моуриньюны «Манчестердің» бас бапкері етіп тағайындау туралы жариялай отырып, клубтың атқарушы директоры Эд Вудворд оны «бүгінгі күнгі ең мықты бапкер» деп атады.