Ол 1995 жылы «Алтын доп» иегері атанып, әлемнің үздік ойыншысы болған еді. Либериядағы мемлекет басшысы сайлауы кеше өтті және Веа Либерияның қазіргі вице-президенті Джозеф Бокаядан басым түсті.
Футбол жұлдызы Веа 2011 жылы Нобель сыйлығының лауреаты болған Элен Джонсон-Серлифтің орнына Либерияның президенті атанды. Ал Джонсон-Серлиф он екі жыл бойы мемлекет басшысы болған еді.