«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, Мысырдағы ұлттық біріншіліктің бас фавориті саналатын «Әл Ахлиді» алаң иелері 3-1 есебімен жеңсе де, бұзақылар футбол алаңына жүгіріп шығып, матчтың берекесін кетірді. Қырық мыңнан асатын жанкүйерлер Каирлық клубтың жанкүйерлерін жазым етіп, нәтижесінде 74 адам мерт болды. Сонымен қатар, тәртіпсіздік кезінде 178 адам ауыр жарақат алса, жапа шеккендердің жалпы есебі 1400-ге жеткен. Мысыр футбол федерациясының басшысы елдегі ішкі чемпионаттың бірнеше күнге тоқтайтынын хабарлаған. Бұзақылар мұнымен қоймай, қалада өтіп жатқан тағы бір футбол матчының берекесін кетірді. Жапа шеккен жанкүйерлер мен «Әл Ахли» командасының басшылығын тәртіп сақшылары арнайы көліктермен және әскери ұшақтармен Каирға аттандыруда.
09:03, 03 Ақпан 2012
Футболдағы жаппай тәртіпсіздіктен 74 адам көз жұмды
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдың Порт Саида қаласында өткен жергілікті «Әл Насри» мен Каирлық «Әл Ахли» командаларының арасындағы футбол матчы қайғылы оқиғаға ұласты.