Чавес пен Боливия Футбол федерациясының бас хатшысы Альберто Лосада өткен жұмада тұтқындалған болатын. Сот Лосада тергеу аяқталғанға дейін үй қамағында болады деп қаулы шығарды. Маусымның басында Боливия президенті Эво Моралес құқық қорғау органдары өкілдерінен ФИФА-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалға байланысты Чавес пен басқа да футболға қатысты шенеуніктерді тексеруді сұраған.
09:01, 22 Шілде 2015
Футболдағы жемқорлыққа қатысты ұсталған Боливия ФФ басшысы тергеу аяқталғанға дейін қамауда болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін күдікті деп танылған Боливия Футбол федерациясының президенті және Оңтүстік американдық футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) қазынашысы Карлос Чавес тергеу аяқталғанға дейін қамауда қалады, деп хабарлады France Presse агенттігі.