Футболдан 2011 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 6 ?шы топта өнер көрсететін болды

АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан 2011 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 6-шы топта өнер көрсететін болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.Әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребе тастау рәсімі кеше УЕФА-ның штаб-пәтерінде өткен болатын. Еуропа аймағындағы командалар 8 топқа бөлініп отыр. Қыркүйектің 19-20 күндері басталатын бұл матчтар 2010 жылғы тамыздың 25-іне дейін созылады. Қазақстандық аяқ допшылар онда Ресей, Ирландия, Швейцария және Израил құрамасымен бір топта өнер көрсетпек. Әйелдер құрамалары арасында ФИФА-ның рейтингі бойынша Қазақстан қазіргі таңда 62 орында тұр.Үздік ондыққа - АҚШ, Германия, Бразилия, Швеция, КХДР, Норвегия, Дания, Франция, Жапония және Англия футболшылары енген. ФИФА-ның жаңа рейтингі енді наурыздың 27-сінде жарияланады.