Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатында аяқтары сал болып қалған бала бірінші болып доп тебеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Бразилияда өтетін 2014 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчында аяқтары сал болып қалған бала бірінші болып доп тебеді.

Бұл үшін ол арнайы костюм-робот киетін болады.

Сал болып қалған жандар үшін жеңіл және гидравликалық механизм құрастырылған. Оны Мюнхен техникалық университетінің ғалымы Гордон Ченг ойлап тапты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Батареямен жарақталған костюм-роботты екі сағат бойы үзіліссіз пайдалануға болады.