Футболдан 2014 жылғы Әлем чемпионатында бейнеқайталау технологиясы пайда болуы мүмкін

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Футболдан 2014 жылғы Әлем чемпионатында қақпаның алынғанын анықтауға арналған бейнеқайталау технологиясы пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы ФИФА президенті Зепп Блаттер хабарлады, деп жазады Утро.ру.

«Менің ойымша, 2012 жылға дейін бізде доптың сызықты кесіп өткендігін дәл анықтай алатын жүйе жасалатын болады. Оны пайдалануды біз Бразилияда 201 жылы өтетін Әлем чемпионатынан бастаймыз», - деді журналистерге Блаттер, Әзірге оның бейнеқаталау болатыны немесе ФИФА-ның өзге де технологияны пайдаланатыны белгісіз болып отыр.