Би-би-си хабарлағандай, жедел әрекет етушілер компьютерлер, телефондар мен жүздеген билеттерді тәркіледі. Олардың бірқатары коммерциялық демеушілерге, үкіметтік емес ұйымдарға, тіпті Бразилия құрамасының әкімшілігіне тиісті болған.
Полицияның мәліметтері бойынша, қамауға алынғандардың бірінен Халықаралық футбол федерациясы мүшелеріне ғана арналған рұқсат қағазы табылды.