Олимпиада ойындары алауының эстафетасы Бразилияның 250 қаласында болады. Монтевидеодағы финалдық айналым жарысының соңғы ойынында аргентиналықтар жарыс иелерін 2:1 есебімен жеңіп, 13 ұпай алды.
Бұл жарыста 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына бір жолдама ойналды. 9 ұпай алып, екінші орыннан көрінген Колумбия құрамасы Олимпиада ойындарына лицензияны жеңу үшін Солтүстік және Орталық Америка және Кариб бассейнінің футбол конфедерациясының атынан шығатын командамен бақ сынайды.
Үшінші орынды Уругвай командасы (8 ұпай), төртіншіні орынның иесі Бразилия (7 ұпай) құрамасы. Айта кетейік, бразилиялықтар Олимпиадаға алаң қожайыны құқығын пайдаланып қатысады.